Өңірлер

Елдің тағы бір облысы "қызыл" аймаққа өтті

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын білдіретін "жасыл" аймақтан бір өңір шығып кетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. 17 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Соған сәйкес, Қостанай облысы "сары" аймақтан "қызылға" ойысты. Ал "жасыл" аймақта болған Шымкент "сарыға" өтті.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары. 

Оқи отырыңыз: