Фото

Аль Капоненің ұрпағы аты аңызға айналған гангстердің заттарын сатты – фото

Sputnik

Сатылымға Аль Капоненің сүйікті тапаншасы, зергерлік бұйымдар, жеке хаттары және тағы басқа заттары қойылды.

ХХ ғасырдағы мафия патшасы – Аль Капоне заттарының аукционы жақында АҚШ-та өтті. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары Чикагода тұрып, аты аңызға айналған америкалық гангстерге тиесілі заттарды кез келген адамға сатып алуға мүмкіндік берілді.

Альфонсе Габриэль Капоне қысқа болса да қызыққа толы өмір сүрді. Ол 1899 жылы 17 қаңтарда Бруклинде дүниеге келді және 1947 жылы 25 қаңтарда Флоридада Палм-Айлендегі өзінің зәулім үйінде қайтыс болды.

"Бұл жай ғана бизнес!"- деп айтуды ұнатқан. Дәл осы фраза Марио Пьюзоның "The Godfather" романы жарық көргеннен кейін танымал болды.

1 / 14
Капоне қайтыс болғалы 74 жыл өтті, алайда оның есімі әлі күнге дейін ұмытылған жоқ. Фотода: Аль Капоненің немересі Дайан Капоне атасы мен әкесі Сонни Капоне бейнеленген суреттің жанында тұр.
2 / 14
"Бұл жай ғана бизнес!" - Аль Капоненің сүйікті фразасы. Дәл осы фраза Марио Пьюзоның "The Godfather" романы жарық көргеннен кейін танымал болды. Фотода: Аль Капоне Чикагодағы футбол матчын тамашалаған сәт.
3 / 14
"Жылы сөз және тапанша арқылы тек жылы сөз айтқанға қарағанда көп нәрсе жасай аласыз" - бұл Аль Капоне айтты деген тағы бір белгілі цитата. Фотода: Капоненің сүйікті тапаншасы – Colt M1911, ол 860 мың долларға бағаланды.
4 / 14
Аль Капоне ұрпағы әйгілі туысының барлық затын өте мұқият сақтаған. Аль Капоне немересі Дайан Капоне отбасының фотосын көрсетіп отыр.
5 / 14
Оның жауы көп болған, алайда ол өте бай болды. Фотода: гангстер Аль Капонеге тиесілі ақ алтын мен гауһар тастан жасалған алқа.
6 / 14
Жақында Капоненің немерелері атақты мафиозиға тиесілі заттарды сатуға шешім қабылдады. Олар сол арқылы әйгілі гангстерді басқа қырынан көрсеткісі келген.
7 / 14
Аль Капоненің 174 заты 3 миллион доллардан астам ақшаға сатылды. Фотода: америкалық гангстер Аль Капоненің гауһар тастармен көмкерілген, ақ алтыннан жасалған сіріңке қорабы.
8 / 14
Аукцион "Танымалдылық ғасыры: Аль Капоне мүлкі" деген атаумен өтті. Фотода: америкалық гангстер Аль Капоненің жиһазы және өнер туындылары.
9 / 14
"Сізге басымдық беретін кеңеске құлақ түріңіз. Ешкімге ондай кеңес бермеңіз", - деген Чикаго мафиозы. Ол ұйымдасқан қылмыстың негізін қалаушы болып саналады. Фотода: 1932 жылы 3 мамырда Атланта түрмесіне салық төлемегені үшін қамауға алынбас бұрын түсірілген Аль Капоне.
10 / 14
Сауда Калифорния штатының Сакраменто қаласында өтті. Фотода: америкалық гангстер Аль Капоненің ұлы Сонниге жазған хаты.
11 / 14
Америкалық гангстер Аль Капоне мен оның ұлы Сонниге тиесілі қару-жарақ пен ыдыс-аяқ аукционға қойылды.
12 / 14
Өз уақытында Аль Капоненің есімі бәрінің, тіпті "қылмыстық бизнес" бойынша ең мықты әріптестерінің де үрейін тудырған. Фотода: Аль Капоненің есімі платина мен гауһар таспен жазылған қалта пышағы.
13 / 14
Әйел Сакраментодағы аукционға қойылған гангстер Аль Капоненің фарфор ыдысын көріп жатыр.
14 / 14
1920-1930 жылдары дәурені жүрген мафия патшасы гангстердің классикалық бейнесі болды. Фотода: Аль Капоненің немересі Дайан Капоне Witherell's Gallery негізін қалаушысымен сөйлесіп тұр.