Әлем

Ресейдегі отандастар конгресінде не талқыланды

Посткеңестік елдердегі ресейліктер үшін қандай жеңілдік қарастырылған, ресейлік жоғары оқу орнындағы квота қалай ұлғаятыны туралы Sputnik материалында
Sputnik

МӘСКЕУ, 16 қазан — Sputnik. Мәскеудегі жетінші Дүниежүзілік ресейлік отандастар конгресіне 100 мемлекетте тұратын 400 делегат қатысты. Оның қатарында таяу шетел азаматтары да бар.

Посткеңестік елдердегі ресейліктер үшін қандай жеңілдік қарастырылған, ресейлік жоғары оқу орнындағы квота қалай ұлғаятыны туралы Sputnik материалында.

Жан-жақты ұғым

Біреулер Ресей де басқа мемлекеттер секілді шетелдегі диаспора өкілдеріне қолдау көрсетуі керек деп санап, "Орыс әлеміне" оң көзқараспен қараса, біреулер оның атауын сынға алып, мұны экспанция әрекеті деп бағалайды.

Бірақ Ресей үшін сыртқы саяси доктриналарды әзірлеу кезінде басқа елдерге қарағанда әлдеқайда күрделі. Себебі КСРО құрамына 15 республика кірді және оның әрқайсысында әлі күнге дейін орыс тілінде сөйлейтіндер бар. Оның үстіне, орыс тілінде сөйлейтіндердің барлығы бірдей орыс ұлтының азаматтары емес. Ресейдің "диаспора" (ұлт немесе дін бойынша бірлестік) терминінің орнына "отандастар" сөзін қолдануы да сондықтан болар.

Отандастар санатына адамдардың бірнеше тобы кіреді: Ресей аумағынан тыс тұратын Ресей азаматтары, РФ аумағында тұратын азаматтардың ұрпақтары, сондай-ақ РФ тарихи тұрғыда территориясында тұратын халық өкілдері.

"Ресей – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет, - деді РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Отандастар конргесін ашу барысында. – Біздің халықтарымыздың, мәдениет және дініміздің тіршілік ету тәжірибесі ерекше".

Лавров осы түрлі дін мен мәдениет өкілдерінің басым бөлігін орыс тілі біріктіріп тұрғанын атап өтті. РФ Федерация кеңесінің өкілі Валентина Матвиенко да сөйлеген сөзінде ұлттан бұрын, қатысушылардың тіліне баса мән берді.

"Пандемияның ауыр айларында қиын жағдайға тап болған өз азаматтарымызға көмек көрсеттік. Бізге сенім артуға болады", - деді Матвиенко.

Кедергілер жойылады

Сергей Лавров атап өткендей, соңғы 20 жылда Ресей отандастарымен бірлесіп көпұлтты орыс әлемін құруда үлкен жетістікке жетті. Бұл Ресей Конуституциясына отандастар құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы ережені енгізуге себеп болды.

Ал Ресей ІІМ Көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқарманың басшысы Валентина Казакова отандастармен жиі кездесу ресейлік биліктің РФ азаматтығын алу рәсімін жеңілдетуге ықпал еткенін айтты.

"Үш жыл ішінде көп мәселе шешімін тапты, - деді Казакова. – Өздері тұратын мемлекеттің азаматтығынан бас тарту қажет болмайды. Қазақстан, Молдова, Беларусь және Украина азаматтары енді азаматтықты жеңілдетілген тәртіпте ала алады".

Валентина Казакова шетелдегі орыстарды көшіру бойынша ресейлік мемлекеттік бағдарламаның миллионыншы қатысушысы Қазақстанда тұратын, медицина мамандығын меңгерген ер жігіт екенін айтты.

Таяу шетелдегілер үшін квота ұлғаяды

РФ Мемлекеттік Дума Халықаралық істер комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий отандастардың алғашқы толқыны Кеңес Одағының құлдырауын бастан кешіргеендер екенін айтты. Алайда ол Ресей жас ұрпаққа баса назар аударуы керек екенін мәлімдеді.

"1989-90 жылдары әлемдегі 350 миллион адам орыс тілін білді, қазір бұл 270 миллион деңгейінде тұр, - деді ол. – Небәрі 30 жылдың ішінде 80 миллион адам кеміп отыр. Жақында Бішкекте Чехов атындағы мектепті аштық. Алайда әлемнің қанша елінде жүздеген білім ордасы жабылды. Сондықтан бізге білім саласына басымдық беру керек".

Сонымен қатар, РФ Ағарту министрлігі басшысының орынбасары Андрей Корнеев келесі жылы Ресей әрқайсысы 1200 орынға арналған 5 мектепті пайдалануға беретінін мәлімдеді.

Ресей мектеп санын ғана емес, өз университеттерінде білім алуға арналған квота көлемін де ұлғайтып отыр. Бұл туралы РФ ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Дмитрий Афанасьев мәлімдеді. Алдағы оқу жылында квота саны 23 мың, 2023 жылы 30 мыңға жетеді.

"Сондай-ақ шетелде, 17 мемлекетте ресейлік жоғары оқу орындарының 40 филиалы жұмыс істейді, - деді Афанасьев. – Онда 17 мың студен оқып жатыр. Ал Армения, Тәжікстан, Қырғызстан мен Беларусьте қос бағыныстағы ұйымдар жұмыс істейді (Ресей және мекеме орналасқан мемлекет бақылау жүргізетін славян университеттері)".