Өңірлер

Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды - ертең ауа райы қандай болады

Ауқымды антициклон әсерінен елде жауын-шашын болмайды. Батыста ғана жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста тұман түседі, оңтүстік өңірлерде жел күшейеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан — Sputnik. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

"Ауқымды антициклон әсерінен елде жауын-шашын болмайды. Батыста ғана жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста - тұман, оңтүстік өңірлерде жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады", - деп жазылған хабарламада. 

Өңірлердегі ауа райы

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жел болады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, батысында, солтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Дабылды ескерту

17 қазан түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында және Нұр-Сұлтанда тұман болады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, 18 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда түнде және таңертең 17, 18 қазанда тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 17 қазанда күндіз + 11.. + 13 °C болады, жауын-шашынсыз. Түнде сынап бағанасы -1..+1 градусты көрсетеді.

Алматыда күндіз ауа температурасы: +17..+ 19 °C, түнде плюс 4 градусқа дейін төмендейді.

Шымкентте 17 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз +20..+ 22 °C, түнде: +4..+6 °C.