НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин 15 қазанда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Нұр-Сұлтандағы филиалында болды.
Ресей дипломатиялық өкілдігінің басшысы филиал ректоры Александр Сидоровичпен, профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.
Бородавкин сұрақтарға жауап бере отырып, Қазақстан-Ресей одақтастық қарым-қатынасы мен интеграциялық байланыстардың дамуы, Ауғанстандағы жағдайдың перспективасы мен оның Орталық Азия аймағына әсері секілді өзекті мәселелер бойынша түсініктеме берді.
Сонымен қатар кездесуде Ресейдің ядролық қаруды таратпау мен қарусыздану бойынша ұстанымы, Қазақстанда АЭС салу идеясы, ұлтшылдық пен ксенофобияның көріністеріне қарсы күреске күш біріктіру және басқа да өзекті мәселелер сөз болды.
Ресей елшісімен болған әңгіме кездесуге қатысқан қазақстандықтардың қызығушылығын тудырды.