Видео

"Оймаша" полигонында оқу-жаттығу өтіп жатыр – видео

Ақтау гарнизонына қарасты "Оймаша" полигонында әскерилер "Мерген батальоны" конкурсына дайындалып жатыр
Sputnik

Қатысушылар жарыста жаяу әскердің жауынгерлік машиналары мен бронды транспортерлерден, танктерден, зениттік қондырғылардан, минаатқыштар мен гранатаатқыштардан, сондай-ақ атыс қару-жарағынан оқ ату шеберлігін көрсетеді.

Гвардия аға сержанты Жәнібек Кәліковтың айтуынша, қазіргі таңда "Оймаша" оқу-жаттығу полигонында 25743 әскери бөлімі, 2-ші теңіз жаяу әскер батальонының жеке құрамы дайындалып жатыр.

"Біздің жеке құрам теориялық дәрістерді тәмамдап, атыс жаттығуларын өткізуге кірісті. Сарбаздар бронды техникалармен және қарумен ату даярлығынан үздік нәтиже көрсетуде", - дейді ол.