Денсаулық

Pfizer-ден кейін коронавирус жұқтырғандар бар – бас санитар дәрігер

Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы әлі жеткізілмеген. Алайда негізгі келісімшартқа қол қойылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қазақстаннның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Pfizer-ден кейін коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін Қазақстанда 21 мың адам вакцинадан кейін коронавирусқа шалдықты. Олардың басым бөлігі "Спутник V" вакцинасын салдырған. Барлығы – 18 мың адам.

"QazVac-тан кейін 436 адам ауырып қалды. Бұдан бөлек, Sinofarm (Vero Cell) вакцинасынан кейін 2 мың адам, ал Sinovac-тан (CoronaVac) кейін 603 адам коронавирусқа шалдықты. Pfizer салдырған 17 адам вирус жұқтырған. Олардың барлығы шетелде екпе алған", - деді Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетері, Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы әлі жеткізілмеген. Алайда негізгі келісімшартқа қол қойылды.

Денсаулық министрі Алексей Цойдың айтуынша, жақын арада Pfizer-дің алғашқы партиясы келеді. 12 жастан асқан жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге салынады. 

Оқи отырыңыз: