Өңірлер

Саран қаласында биіктігі төрт метрлік орындық қойылды – фото

Орындыққа декоративті күл-қоқыс жәшігінің артында орналасқан баспалдақпен ғана шығуға болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан –  Sputnik. Саран қаласындағы жаңа саябақта биіктігі төрт метрлік орындыққа отырып, селфи жасауға болады.

Конструкцияның биіктігі – 4 метр, ал ұзындығы 7 метр. Оны ағаш пен металдан жасаған. Орындыққа декоративті күл-қоқыс жәшігінің артында орналасқан баспалдақпен ғана шығуға болады.   

Саран қаласында биіктігі төрт метрлік орындық қойылды – фото

"Қала жастары әкімдікке талай рет өтініш жасап, бос уақытты өткізетін және селфи жасайтын креативті орын жасап беруді сұрады. Әлеуметтік желіде өз ұсыныстарын да айтты. Содан біз жастардың тілегін орындап, саябақта ерекше орындық  орнаттық", - дейді әкімдік қызметкерлері.

Саран қаласында биіктігі төрт метрлік орындық қойылды – фото

Мамандардың айтуынша, жаңа конструкцияға бюджеттен ақша жұмсалмаған.

Айта кетері, жақында қаланың кіреберісінде жаңа саябақ ашылды. Ол жерде фото аймақтан бөлек, от жағатын орын да жасақталды.

Саябақтың маңайында абаттандыру жұмыстары басталды. Осы уақытқа дейін 50 түп ағаш отырғызылды.