Фото

Сингапурде Қазақстанға арналған қызғалдақтар көрмесі өтті – фото

Sputnik

Сингапурлықтар мен жалпы туристер үшін танымал орын саналатын Gardens by the Bay ("Бұғаз жанындағы бақшалар") саябағы көздің жауын алатындай көрікті гүлдерге толды. Мұнда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған "Тюльпаномания" көрмесі өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан қызғалдақтардың ежелгі отаны екенін насихаттау көрменің басты мақсаты болып отыр. Себебі алдымен Таяу Шығысқа, кейіннен Еуропаға қызғалдақ дәл осы қазақ даласынан жөнелтілген.

Gardens by the Bay шыны күмбезінің астына Жібек жолы базарлары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің макеті, қазақ киіз үйі жайғастырылды. Киіз үй осы көрме үшін арнайы әзірленіп, Сингапурге арнайы рейспен жеткізілді.

Саябақ жетекшісі Феликс Лоудың айтуынша, аралдағы карантиндік шектеулерді есепке алғанда, көрмеге келушілер саны 200 мыңға жетуі әбден мүмкін.

Қазақстанның Сингапурдегі елшісі Аркен Арыстанов "Тюльпаноманияның" ашылу салтанатында бұл көрме екі ел арасындағы ынтымақтастыққа айрықша реңк беріп қана қоймай, Қазақстанды Жібек жолындағы маңызды буын және мәдениеті, дәстүрі мен рухы бай мемлекет ретінде танытуға ықпал етеді.

1 / 13
Сингапурдегі Gardens by the Bay ("Бұғаз жанындағы бақшалар") оранжереясында ерекше көрме ашылды. Көрме ұйымдастырушыларының қатарында Қазақстан елшілігі де бар
2 / 13
Оранжереяның іші хош иісті қызғалдаққа лық толды
3 / 13
Жүз мыңдаған гүл көмкерген Gardens by the Bay алаңында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің макеті де орналасқан
4 / 13
Көрме аумағы қызғалдақтардан құрастырылған кілемше іспеттес
5 / 13
Көрмеге келушілер Ұлы Жібек жолының аялдамалары мен оазис элементтері түрінде бейнеленген экспонаттарға үлкен қызығушылық білдіруде
6 / 13
Gardens by the Bay ғимаратындағы әсемдікпен жабдықталған қазақ киіз үйі көпшілік назарын аударды
7 / 13
Карантин шектеулеріне қарамастан, Сингапур тұрғындары мен қонақтары бұл көрмеге ерекше қызығушылық танытып отыр
8 / 13
Сингапурдегі көрмеге қойылған қызғалдақтарды көркем әрі ғажайып деп сипаттауға болады
9 / 13
Ақпарат стендтерінде қазақ киіз үйіндегі әрбір жабдыққа түсініктеме берілген
10 / 13
"Тюльпаномания" деп аталғандықтан, бұл шарада қызғалдаққа баса назар берілген
11 / 13
Көрменің тағы бір бөлігі көне базар ретінде әсемделген. Мұнда гүлдер арасында түрлі тәтті мен жемісті көруге болады
12 / 13
Сингапурдегі Gardens by the Bay көрмесі қарашаның ортасына дейін созылады
13 / 13
Қазақ киіз үйінің жабдықтары Сингапурдегі көрме үшін әзірленіп, арнайы рейспен жеткізілді