НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Жерге түскен жапырақ инфекциялық ауруды немесе аллергияны қоздыруы мүмкін. Бұл туралы иммунолог-аллерголог Владимир Болибок айтты.
"Зең споралары – табиғи аллерген. Ол жерге түскен жапырақтарда жиналады. Себебі жаңбыр жауғаннан кейін күзгі жапырақтар шіриді. Одан кейін күн шығады да, жапырақтарда зең пайда болады. Артынан ауаға көтеріледі. Сол кезде кейбір адамдарға әсер етеді", - деді Болибок Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Дәрігердің айтуынша, кейбір адамдарда зеңге аллергия болады. Бірақ оның споралары аззаға көп мөлшерде түссе, сау адам да инфекциялық ауруға шалдығады.
"Бұл – таза инфекциялық фактор. Адам осы зеңмен көп тыныстаса, өкпе мен тыныс алу жолдарының зең инфекциясы басталады. Жөтел, бронхит және тағы басқа қабынулар болады", – деп атап көрсетті Болибок.
Алайда күзгі жапырақтар ыдырағаннан кейін жерге пайдалы минералды және органикалық заттар сіңеді. Ондай процесс жерді құнарландырады.
Айта кетері, ұлыбританиялық ғалымдар аллергиялық ауру мен психикалық денсаулық арасындағы байланысты зерттеген болатын. Кейбір ғалымдар аллергиясы бар адамдардың депрессия, мазасыздық және невротизмге бейім екенін айтқан. Алайда психикалық көңіл-күйдің аллергия салдарынан бұзылатынына нақты дәлел жоқ.