Өңірлер

Ақмола облысында бақташы кәсіпкерге оқ атты

Адам өміріне қастандық жасау фактісі бойынша Ақмола облысы полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеу басталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Біржан сал атындағы ауданның полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынға оқ атып, артынша ізін жасырған ер адамды ұстады. Ол бұған дейін бірнеше рет сотталған.

Оқиға мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС аумағында болды. Полиция бөліміне хабар 9 қазан күні түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.

ЖШС директорының айтуынша, осы жерде бақташы болып істейтін ер адам белгісіз қарудан 56 жастағы жергілікті тұрғынға бірнеше рет оқ атқан.

Оқ жәбірленушінің оң аяғы мен сол қолына тиген, ол ауруханаға жатқызылды.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, күдікті – Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны. Бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған және ішкі істер органдарында жедел есепте тұр. Оны іздеуге облыстың көрші аудандарының жедел уәкілдері тартылды.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында бақташы ауылдасын атып өлтірді – видео

Күдікті Целиноград ауданының Максимовка ауылында ұсталды. Жігіт бұл елді мекенге алдымен жолшыбай көлікпен, кейін жаяу жеткен.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің "Адам өміріне қастандық жасау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: