Өңірлер

Павлодар әкімі ерекше ой тастады

Әкімнің пікірінше, павлодарлықтар Азия елдеріндегі тәжірибені жандандырса, қала сыртында жеміс бағы пайда болады
Sputnik

АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Павлодар әкімі Асаин Байханов қала тұрғындарына жеміс дәнегін тастамай, оны ағаш жоқ жерге егуді ұсынды.

"Жемісті жеген соң оның сүйегі мен дәнегін қоқысқа тастамай, жуып, жаю керек. Қорапқа біраз уақытқа салып қойыңыз. Қала сыртында болғанда немесе жол жүргенде бұл дәнді ағаш жоқ жерге себіңіз", - деп жазды әкім өзінің Instagram парақшасында.

"Оларға табиғаттың өзі қамқорлық жасайды. Азия елдерінде бұл тәжірибе жүз жылдан бері бар. Қазір жеміс ағаштарының барлық жерде өсіп тұрғаны соған дәлел. Осындай тәжірибе Болгарияда да бар. Ол жақта қала сыртында серуендеп жүріп алма, өрік, шабдалы, алмұрттың орман ағаштарымен араласып өсетінін көруге болады", - деді ол.

Павлодар әкімі ерекше ой тастады

Әкім павлодарлықтардың бұл ұсынысты қаншалықты қолдайтынын көру үшін сауалнама ұйымдастырды. Желіде дауыс бергендердің 95%-і әкімнің ойын қолдады.

Алайда арасында Павлодар мен Болгарияны салыстыру қате деп санайтындар да болды. Себебі екі жақтың климаты екі түрлі. Бізде ағаш өсуші ме еді? деп сұрағандар да бар.