НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысы коронавирустың "сары" аймағынан "жасылға" көшті, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары әлі де "қызыл" аймақта тұр.
Ақтөбе облысы "сары" аймақтан шыққаннан кейін бұл аймақта бес өңір қалды: Алматы, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары енді "жасыл" аймақта.
Өткен тәулікте Қазақстанда COVID жұқтырған 1985 науқас тіркелді, ал бір күн бұрын инфекция 1707 адамнан табылған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар маңызды шешім қабылданды
- Цой Қазақстанда қайта вакциналау науқаны қалай және қашан өтетінін айтты
- Шығыс Қазақстан полицейлері вакцина алмағандарды іздеуге шықты