НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Павлодар облысында жүкті әйелді өлтірген адам 20 жылға сотталды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың сәуір айында Константиновка ауылында жүкті әйел көз жұмған. Бұл істі тергеу барысында полицейлер әйелді онымен бірге тұрған ер адам тұншықтырып өлтіргенін анықтады. Қаскүнем жанжал кезінде мас болған.
"Мамандандырылған ауданаралық сот ер адамды кінәлі деп тауып, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес 20 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген хабарламада.
Марқұмның анасы Ирина Свириденко полиция департаментінің басшысына жазған хатында Успен ауданының полиция бөлімі мен прокуратураға істі тергегені үшін алғыс білдірді.
Оқи отырыңыз: