Оқиға

Нұр-Сұлтанда пәтер мен ломбард бөлмесі өртенді

Өрт 23 минут ішінде сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бір адам құтқарылды, тағы 15 адам эвакуацияланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ломбард бөлмесі мен тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртенді, деп хабарлады елорданың төтенше жағдайлар департаменті.

Біржан сал көшесі, 6 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама 12 қазанда сағат 16:35-те түскен.

Құтқарушылардың мәліметінше, екінші қабаттағы пәтер мен ломбард бөлмесі өртенген.

"Жедел және үйлестірілген жұмыстың арқасында өрт сағат 16:58-де оқшауланды. Өртті сөндіру кезінде бір адам құтқарылды, 15 адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге елорда ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелерінің 22 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлады департамент.

Оқи отырыңыз: