Оқиға

Қарағандыда аттракционнан секірген әйел көз жұмды - видео

Әйел "Созвездие" қонақүйінің төбесінде орналасқан аттракционнан секірген. Оның биіктігі 30 метр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Қарағандыда роупджампинг аттракционынан секірген әйел көз жұмды, деп хабарлайды "Новый вестник".

Басылымның мәліметінше, 33 жастағы қарағандылық "Созвездие" қонақүйінің шатырынан секірген. Оның биіктігі 30 метр. Қонақүй төбесінде экстремалды аттракцион орналасқан. 

Әйел көптеген жарақатпен көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Алайда шұғыл түрде ота жасалғанына қарамастан, жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды. 

Оқи отырыңыз: