Видео

Жалқау жануар желідегі жұрттың көңілін көтерді - видео

Әдетте иттер серуенді жақсы көреді. Алайда бұл ит еріншек болып шықты. Әлде серуен кезінде армансыз жүгіру үшін діттеген жеріне жеткенге дейін күшін сарқымайын деп қулыққа басты ма екен
Sputnik

Арманыңа жету үшін жүре алмасаң, еңбекте! Немесе арманың орындалатын бағытқа қарап жат. Осы қанатты сөз дәл осы иттің әрекетіне келетін сияқты. 

Еркелеп, мінез көрсетіп жатқан жануарды иесі серуенге сүйреп алып шықты. 

Бұл кадрдан иесі үй жануарына қатыгездік танытып жатыр деп ойлауға болады. Алайда мүлде олай емес. 

"Шиба" тұқымдас иттер өте қырсық болады. 

Оқи отырыңыз: Үй жануарын азаптап өлтірген адам бір жылға қамалады - жаңа заң әзірленді

Төрт аяқты жануар өзінің мінезін көрсетіп жатыр, ол серуенге өз аяғымен емес, иесінің сүйреп апарғанын қалап тұр. 

Иесі де итінің мінезіне әбден қанық сияқты. Оның еркелігін көтеріп, қалауын орындап жүр. 

Шиба-ину Азиядағы ежелгі ит тұқымдарының бірі екенін атап өткен жөн. 

Олар әдетте жаттықтыруды және қоғамға бейімдеуді қажет етеді. Алайда оларды тәрибелеу қиын, өйткені олар өте қырсық. Дегенмен шиба-ину өте адал және өз иесін қорғау үшін барын салады.