НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы бірнеше мектептің маңында түсірілген видеолар жарияланды. Роликтерден білім мекемелерінің жанындағы қоршауды, сондай-ақ жедел жәрдем көліктерін көруге болады.
"102" каналына белгісіз біреулер Нұр-Сұлтандағы орта мектептердің электронды мекенжайына жарылғыш заттар қойылғаны туралы хаттар жібергенін хабарлады", - деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әңгіме үш мектеп туралы болып отыр: №16, 72, 37.
Полицейлер оқиға орнына барып, ақпаратты тексерді.
"Жарылғыш заттар табылған жоқ. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - дейді полицейлер.
Полиция департаменті жарылғыш зат туралы жалған хабар бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Сондай-ақ азаматтардан үрей туғызбауды және мессенджерлерде жалған хабарламалар жібермеуді өтінді.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде белгісіз біреу тағы бір мектепке "бомба қойды"
Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте белгісіз біреу Ақтөбедегі сегіз мектептегі салтанатты сап түзеу іс-шарасын тоқтатқан болатын. Екінші күні ол қайтадан сабақты бұзып, дүрбелең тудыруға тырысты.
Қаланың жедел құтқару қызметтері барлық нысанды мұқият тексергеннен кейін хабарламаның жалған екені белгілі болды.