Денсаулық

Маман неге қара бетперде тағуға болмайтынын айтты

Қара бетперделер сәнді көрінеді, көбі оны киім түсіне қарай таңдайды, әсіресе қыста мұндай маскаларға сұраныс артады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Дәрігер Елена Морозова сәнді маскалар неге денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды glavnoe.net.

Маман карантин ұзаққа созылғанын және күн сайын ерекше бетперделер саны артып жатқанын атап өтті.

Морозованың айтуынша, қара түсті бояғыш қатты аллергия тудырады. Әсіресе, маска арзан синтетикадан тігілсе (әдетте дәл осындай материал қолданылады), онда дерматоз үлкен проблемаға айналуы мүмкін.

Тек сапалы бояғышпен боялған мақта-матадан тігілген бетпердені тағуға болады. Егер адам тауардың қандай матадан жасалғанын білмесе, онда ашық түсті немесе кәдімгі медицина маскаларын таңдаған жөн.

Оқи отырыңыз: