Өңірлер

Жамбылдық жігіттен 160 келіден астам есірткі тәркіленді

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды
Sputnik

АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында 27 жастағы жергілікті тұрғын есірткі заттарын дайындау кезінде ұсталды. Күдіктіден 160 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам Шу ауданынан 100 шақырым жерде есірткі дайындаған.

Сол  маңдағы аумақты тексеру кезінде жас жігіттен салмағы 60 келі 440 грамм "каннабис өсімдігі" есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде есірткі сатушыдан жалпы салмағы 103 келі 240 грамм "кептірілген марихуананың" 10 қабы тәркіленді.

Күдікті бұл қаптарды жазда елдің солтүстік аймақтарына жеткізу үшін дайындаған.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Оқи отырыңыз: