Оқиға

ШҚО-да түнде жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды

Қайтыс болғандардың ішінде төртеуі ересек адам, біреуі – бір жарым жасар бала. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханада жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Қарауыл ауылынан Саржалға түнделетіп бара жатқан "Лада" көлігінің 45 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

Апат жолдың 152-ші шақырымында түнгі сағат бір шамасында болған. Көлік аударылып қалып, бес адам көз жұмды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

"Жүргізуші және көлік ішінде отырған 39, 36, 35 жастағы үш адам мен бір жарым жасар бала алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды. Тағы бір 35 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғажол апатыШығыс Қазақстан