Видео

Сот орындаушылары туралы заңнама қалай өзгереді

Қазақстанда сот орындаушыларына күш қолдану әрекеттері жиіледі, оның бірінде бес адам көз жұмып, қоғамда үлкен резонанс туғызды
Sputnik

Сот орындаушыларына қатысты екі резонанстық оқиға Қазақстан қоғамын екіге бөлді. Кейбіреулер Алматыда үйден көшуден бас тартып, бес адамды атып тастаған борышкердің әрекетін қатаң айыптап жатыр.

Екінші жағынан, борышкердің әйелі президентке сот үкімінің орындалуын кейінге қалдыруды және балаларымен бірге күннің суығында үйден шығарып жібермеуді сұрап өтініш білдірді. Ол қару қолданған күйеуінің әрекетін қателік деп атап, қайғылы оқиғаға қаза болған сот орындаушысы кінәлі екенін мәлімдеді...

Екінші жағдай да борышкерді үйден шығарумен байланысты. Мұнда әңгіме заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы болды, ал сот орындаушысының өзі көшірілуге тиіс отбасының "қорғаушыларынан" таяқ жеді.  

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отырыстардың бірінде банктердің, проблемалы борышкерлер мен сот орындаушыларының қарым-қатынасы мәселесін көтерді. Оның пікірінше, бұл өзара қарым-қатынастар едәуір ашық болуы керек.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі, Алматы әкімдігі, банк омбудсмені, банктер мен қоғамдық бірлестіктер меморандумға қол қойды, оған сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан борышкерлер қарызын төлемегені үшін жалғыз баспанасынан шығарылмайды.