Оқиға

ҰҚК "жын кірген" сарбаздың видеосын түсіндірді

Облыстық комиссия оны әскери қызметке жарамды деп таныған. Психологтар жас сарбаздың медициналық тексерістен қалай өткеніне таңғалып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті психикалық ауруы бар адамға тән мінез танытқан сарбаздың шекара қызметіне әскерге шақырылғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, жас жігіт мерзімді әскери қызметке 2021 жылы 25 қыркүйекте Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен шақырылған болатын. Ал 27 қыркүйекте әскери борышын өтейтін жерге барған. Облыстық комиссия оны әскери қызметке жарамды деп таныды.

"29 қыркүйекте қалшылдаған ұстама белгілерімен Үшарал қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді. 30 қыркүйектен бастап Алматы қаласындағы ҰҚК госпиталінде дәрігерлердің бақылауында. Әскери-дәрігерлік комиссия оның әскери қызметті ары қарай жалғыстаруына қатысты шешім қабылдайды", - дейді комитет мамандары.

Ал психологтар жас сарбаздың медициналық тексерістен қалай өткеніне таңғалып отыр.

"Дәрігерлер әскер қатарына алынатын жігіттерді іріктеу кезінде толыққанды тексеруі шарт. Егер ауытқу болса, сол жерде анықталады ғой, психиатрдың бақылауы керек еді. Бұл жұмыс шалалығын көрсетеді. Қазір Қазақстанда кадр жетіспейді. Соның ішінде әскери адамдар. Сондықтан болар, денсаулығы жараса да, жарамаса да әскерге алып кетуге тырысады",- дейді психолог Владислав Смирнов.

Оқи отырыңыз: