Елорда тынысы

Үлескерлердің қаражатын тартуға құқығы жоқ компаниялардың тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі құрылыс компаниясының рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуға кеңес бермейді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімін жариялады.

Төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі:

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуға кеңес бермейді.

"Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Айта кетері, үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі құрылысы аяқталу сатысындағы нысандар тізімінен шығару жолымен және жаңа нысандарды қосу жолымен жүйелі түрде жаңартылады.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы ақпарат "Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ сайтында орналасқан.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласу қажет: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30, 8 771 605 17 14.

Оқи отырыңыз: