Өңірлер

ШҚО тұрғындарының үйіне "зомби" келді – фото

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылу беру маусымы кезінде Шығыс Қазақстанда 90 адам, ал биыл күн салқындағалы улы газдан 3 адам зардап шекті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары өрт қауіпсіздігіне арналған тың бастаманы қолға алды. Құтқарушылар зомби болып киініп, үй-үйді аралап шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Зомби" пештерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда қауіпті газбен уланғаннан кейінгі адамдар жағдайын көрсетеді. Сол себепті құтқарушылар осы образға еніп, пешті жөндеу және өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп шықты. Сондай-ақ, мамандар газ талдағыш деген құралдың көмегімен үйлерде улы газдың шоғырлануын тексеріп көрсетті", - дейді мамандар.

Олардың айтуынша, халыққа газбен улану проблемасын түсіндіргенде көбісі тыңдайды, бірақ сақтық шараларын есте сақтай бермейді. Ал зомби челлендж сияқты креативті шаралардың арқасында адамдар өрт қауіпсіздігінің маңыздылығын ұмытпай жүреді деген үміт бар.

ШҚО тұрғындарының үйіне "зомби" келді – фото

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылу беру маусымы кезінде Шығыс Қазақстанда 90 адам, ал биыл күн салқындағалы улы газдан 3 адам зардап шекті.

Құтқарушылар пештерді пайдалану кезінде келесі ережелерді сақтау керектігін ескертеді:

  • жылыту пештерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа да элементтері тікелей жылу беру алдында, сондай – ақ, жылу беру маусымы кезінде жылыту пештері - кемінде үш айда бір рет, үздіксіз жұмыс істейтін пештер кемінде екі айда бір рет күйеден тазартылады;
  • түтін арналары өтетін шатырларда және үй-жайларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктеледі.