Оқиға

"Әйеліммен шатастырып алдым": Оралда ер адам туған қызын бірнеше жыл зорлап келген

Оралда ер адам туған қызын зорласа, басқа отбасында анасы мен өгей әкесі қызды ұрып, қорлаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Оралда ер адам туған қызын зорлап келген. Қолға түскен педофил оны әйелімен шатастырып алғанын айтып ақталды.

Жаға ұстатарлық жағдай туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

"Жыныстық зорлық-зомбылық 30%-ке өсті. Жақында біз кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыстық істі тіркедік. Туған әкесі қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген. Әйеліммен шатастырып алдым дейді", - деп мәлімдеді Орал қаласы ювеналды полицияның аға инспекторы Мәдина Құспанова.

Сондай-ақ тағы бір жағдай анықталды: көпбала отбасынан шыққан қыз туған анасы мен өгей әкесінен екі жыл бойы қорлық көргенін мойындады. Жасөспірім шыдамы таусылып, үйден кетіп қалған. Полицейлер баланы тапқанда, ол үйіне барудан үзілді-кесілді бас тартты. Балалар үйіне жіберуді сұрады, әйтпесе өз-өзіне қол салатынын айтты.

"Анам "егер қаласаң, өл" дейтін. Бір күні шынымен өлгім келді, бірақ өзіме қол сала алмадым. Тек жылаймын, болды", - дейді жасөспірім қыз.

Бұл отбасыны полицейлер бақылайды.

Биыл Оралда кәмелетке толмағандарға көмектесетін психологиялық көмек қызметі ашылды. Психологтардың айтуынша, балаларға, тіпті, ең жақын туыстары да жәрдемдеспейді.

Адам төзгісіз жағдайдан шаршаған олар үйден қашады немесе суицидке барады. Егер былтыр облыста бір суицид тіркелсе, биыл 15 бала өз-өзіне қол салмақ болды. Екі жасөспірім көз жұмды.

Оқи отырыңыз: