6 қазанда Алматыда биылғы жылдың алғашқы қары жауды. Қаланың тұрғын үй басқармасы таулы аудандарға 3 сантиметр қар түскенін хабарлады. Жетінші қазанға дейін жауған қар бірден еріп кетті, алайда қалада салқын ауа райы содан бері сақталып тұр.
Алматылықтарға былтырдан бері жылу қазанның басында беріліп жүр. Биыл қалада 2 қазаннан бастап жылу беріле бастады. Қазір қалада үйлерге түгел дерлік жылу қосылды.
Күн суық болғанына қарамастан, қала тұрғындары күз әсемдігін қалт жібермеуге тырысады. Оны көшелерде серуендеп жүрген адамдардан байқауға болады.
Күзгі Алматы көшелерін Sputnik Қазақстанның фототілшісі суретке түсіріп қайтты. Сары, жасыл, қызғылт түске боялған қаланы фотолентадан көріңіз.