5 қазанда Байқоңыр айлағының "Восток" старттық алаңынан "Союз МС-19" зымыранымен әлемдегі тұңғыш кино экипажы ғарышқа аттанады.
"Біз үшін мұндағы әр нәрсе жаңалық. Әр он секунд сайын өзіміз үшін жаңалық ашып отырдық. Ғарыш станциясында өмір сүріп жатқан адамдармен енді қауышып жатырмыз. Енді олармен танысамыз. Түс көріп жатқан сияқтымын", - дейді Юлия Пересильд.
Ал режиссер Клим Шипенко ғарышқа сапар шеккеніне әлі сене алар емес.
"Мұның бәрі шынымен болып жатқанына әлі сене алар емеспін. Бұл сәтті қанша күттік. Иә, шынымен түс сияқты. Бізді жылы қарсы алып жатқанына қуаныштымын", - дейді ол.
Ғарышкер Антон Шкаплеров бұл сапар сәтті болғанын айтады.
"Біраз кілтипандар болды. Бірақ бізді мұндай жағдайда жылдам қимылдауға үйреткен", - дейді ол.
Ол режиссер Шипенко техникалық ақаулар кезінде оған көмек қолын созғанын да айтты.
Естеріңізге сала кетейік, "Вызов" ғылыми-танымдық жобасының мүшелері режиссер Клим Шипенко мен актриса Юлия Пересильд "Союз МС-19" орбитасына жеткізіледі.
Кино түсірілімі үшін актерлер ғарышқа 12 күнге аттанды. Олар 17 қазанда оралады деп болжанған.
"Вызов" — бұл ғылыми-танымдық жоба. Бірақ сюжет әлі де құпия сақталып отыр.
Толығырақ видеодан көріңіз.