НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жойқын жер сілкінісіне байланысты осы елдің президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Қазақстан халқының және өзімнің атымнан табиғи апаттан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.
5,7 магнитудалы жер сілкінісі 7 қазанда, бейсенбіге қараған түні болды. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Харнай қаласынан солтүстік шығысқа қарай 14 шақырым жерде орналасты. Зілзала ошағы 20,8 шақырым тереңдікте тіркелді. Соңғы мәлімет бойынша Пәкістандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 20 адамға жетті, 300-ден астамы зардап шекті.
Оқи отырыңыз: