АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсыновты марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев Досхан Жолжақсыновты 70 жасқа толуына орай "Отан" орденімен марапаттады.
"Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов "Отан" орденімен наградталсын", - делінген президент Тоқаевтың жарлығында.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Досхан Жолжақсынов 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Актер әрі кинорежиссер бүгін 70 жасқа толды.
Ол Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері және Қырғыз Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі.
Режиссер ретінде "Біржан сал", "Құнанбай" фильмдерінің шығуына еңбек етті.
Айта кетері, Алматы күні қарсаңында Досхан Жолжақсыновқа "Алматының құрметті азаматы" атағы берілді.
Оқи отырыңыз:
- Абайдың 175 жылдығы: ұлы ақын жайлы фильмдерді қайдан тамашалауға болады
- "Құнанбай" және "Жаңғақ ағашы" фильмдері Бейжің кинофестивалінде көрсетіледі
- Абайдың экрандағы бағы жана ма – режиссерлердің пікірі