Өңірлер

Бейнекамералар көбейеді: Алматыда дәрігерлер қызметі бақылауға алынды

Табынбаевтың айтуынша, жаппай вакциналау басталғалы қалада құжатты қолдан жасау бойынша оннан астам жағдай анықталған
Sputnik

АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Алматыда вакцина құжатын қолдан жасау ісіне қатысы бар екі емхана басшысы жұмыстан қуылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Құжатты қолдан жасауға қатысы бар екі емхана басшысы, алты дәрігер мен медбикелерді жұмыстан шығаруға тура келді. Осындай жағдай болмауы үшін күшейтілген түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, бейнекамера саны көбейтілді, бақылаушылар жұмысы күшейтілді", - деді басқарма басшысы.

Табынбаевтың айтуынша, жаппай вакциналау басталғалы қалада құжатты қолдан жасау бойынша 16-ға жуық жағдай анықталған.

"Құжатты қолдан жасау фактілері бар. Бұл жаппай вакциналау басталған алғашқы кезеңде болған. Үш емханада мұндай фактілер анықталды. Шамамен 16-ға жуық жағдай тіркелді. Қазір іспен тергеу органдары айналысып жатыр", - деді Табынбаев.

Басқарма басшысы барлық дерек тергеу жүргізу үшін полицияға жолданғанын айтты.

Оқи отырыңыз: