Өңірлер

Күн жылынады – Қазгидромет синоптиктері болжамын бөлісті

Елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік өңірлерде сынап бағанасы плюс 20 градусқа дейін көтеріледі
Sputnik

АЛМАТЫ, 6 қазан — Sputnik. Қазанның 7-9 күндері аралығында жауын-шашын түспейді, күн жылынады, деп хабарлады Қазгидромет.

Алдағы күндері солтүстік-батыс антициклоны әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.

"Шығыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. 7 қазанда шығыста қатты жауын-шашын болады", - деді синоптиктер.

Сондай-ақ, түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс пен орталықта көктайғақ, бұрқасын болады. Батыста - шаңды дауыл.

Батыс пен солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы жылиды, плюс 10-18 градус шамасында. Солтүстік, шығыс пен орталықта 8-15 градус жылы болады. Ал оңтүстік өңірлерде сынап бағанасы 15-20 градусқа дейін көтеріледі.

Оқи отырыңыз: