Қоғам

Біреу сізді аңдып жүргенін қалай білуге болады

Маман егер күдікті жайттарды көзіңіз шалса, бірден құқық қорғау органдарына арыз жазуға кеңес беріп отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан — Sputnik. Егер біреу домофонға немесе үй телефонына кездейсоқ қоңырау шалып, коммуналды қызметтен екенін айтса, сізді аңдып жүрген болуы мүмкін. Еуразиялық заңгерлік компания жетекші заңгері Юрий Дахов "Прайм" агенттігіне осылай деді.

"Бұдан бөлек, кейде олар пошта жәшігінде жарнама буклетін қалдырады. Сондай-ақ, есік алдындағы кілемше астына печенье сынды жұмсақ зат қойып кетеді. Кілт салатын жерге жіп, сіріңке тығуы да мүмкін. Осындай тәсілдердің арқасында пәтерге қай кезде келіп, қашан кететініңізді анықтайды, - деді сарапшы.

Маман егер осындай бір белгілерді көзіңіз шалса, құқық қорғау органдарына арыз жазуға кеңес береді.

ҚР қылмыстық кодексінің 147-бабында жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Кінәлі деп танылған адам айыппұл төлеп, қоғамдық жұмыстарға тартылады. Бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. 

Оқи отырыңыз: