НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Көкшетау қаласында жеке меншік үйдің шатыры зейнеткердің үстіне құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай 5 қазанда түнде болды. 15 шаршы метрді құрайтын бөлменің шатыры құлап түсті. Сол кезде бөлмеде 63 жастағы әйел болған.
Ол алған жарақаттан оқиға орнында мерт болды. Үйдің жалпы ауданы - 120 шаршы метр. Басқа бөлмеде зейнеткердің екі немересі болған.
"Үйді шлакоблоктан көтерген. Шатыр профлистпен жабылған. Үй апатты баспанаға жатпайды", - дейді құтқарушылар.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, шатырдың құлау себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Павлодарда балалар жаттығатын ғимараттың төбесі опырылып ортасына түсті - видео
- Есік-терезе сынып, шатыр құлады: әскери бөлімдегі жарылыстан бүлінген нысандар – фото
- Шатыр ұшып, көлікті басып қалды: дүлей дауыл шымкенттіктердің дегбірін қашырды – видео