Саясат

Этнос өкілдері мемлекеттік тілді білуге тиіс – сенат спикері

Қазақстанда этностық топтардың тілдік, мәдени және діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр, деді Әшімбаев
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының отырысын ашты.

Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саясаты жалғасып жатқанын атап өтті. Қазақстандық модель бірнеше негізгі принципке негізделген, олардың бірі – бірлік.

Этнос өкілдері мемлекеттік тілді білуге тиіс – сенат спикері

Сонымен қатар Қазақстандағы әртүрлілік феномені бөлінудің триггері емес, әр түрлі этностардың, мәдениеттер мен конфессиялардың жақындасуының және өзара молайтудың факторы болып саналады.

Тағы бір маңызды принцип – этникалық немесе діни сеніміне қарамастан барлық қазақстандықтың құқықтарын құрметтеу және қамтамасыз ету.

"Біздің елімізде тұратын барлық этностың тілдік, мәдени және діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті институционалдық және басқа да жағдайлар жасалып жатыр. Сонымен қатар әр түрлі этностық топтардың өкілдері мемлекеттік тілді құрметтеуге және білуге ​​тиіс", - деді Әшімбаев отырыста.  

Оның айтуынша, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің тағы бір маңызды принципі – жүйелі диалог пен елдің болашағы үшін бірлескен жауапкершілік.

"Бұл үшін этномәдени орталықтар, Достық үйлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты бірегей институттар жұмыс істейді. Хатшылық отырысы мен съезд өткізу – имидждік іс-шара емес, Қазақстанның даму моделінің органикалық және ажырамас бөлігі", - деп түйіндеді сенат төрағасы.

Қорытындылай келе, Әшімбаев Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерімен бірге конфессияаралық диалог пен келісімді ілгерілетуге одан әрі үлес қосатынына сенім білдірді.