Елорда тынысы

"Сергектің" арқасында жол апатынан өлім-жітім 60%-ке азайды – Көлгінов

Елордада жыл сайын "Сергек" жүйесі аясында 6-7 мың камерадан орнатылып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов "Хабар"телеарнасына берген сұхбатында елорданы цифрландыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтты, деп хабарлйды қала әкімдігінің ресми сайты.

Әкімнің айтуынша, қазір "Smart City" тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатыр.

"Жыл сайын жаңа жобалар пайда болады. Мәселен "Сергек" жүйесі туралы айтатын болсақ, жыл сайын біз 6-7 мың камерадан орнатамыз. Егер бұрын әр қиылыста бір полиция қызметкері тұрған болса, қазір олар жоқ. Тұрғындар тәртіпті болды: олар заң бұзушылықты тіркейтін бейнебақылау камерасы бар екенін біледі. Осы жобаның арқасында қалада қылмыс 30%-ке, жол апатынан өлім-жітім 60%-ке төмендеді", - деді Алтай Көлгінов.

Пандемия және коронавируспен күрес қазақстандықтардың өміріне әсер еткені сөзсіз. Бірі COVID-19-бен ауырмас үшін санитарлық талаптарды сақтайды, екпе алып, қауіпсіздік шараларын сақтайды, ал енді бірі коронавирус инфекциясына қарсы күрестің біреуін де елемейді. Олар Ashyq жүйесіне де шағымданады.

"Бұл жүйе де жетілдірілуде. Сынды объективті түрде қабылдау керек деп ойлаймын. Біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес геопорталмен жұмыс істейміз, яғни қаланың цифрлық қосарлығын жасаймыз. Барлық инженерлік желі цифрландырылды. Жалпы ұзындығы – 15 мың километр", - деп жауап берді елорда әкімі.

Әкімдік жобалау сатысында үйлерде, яғни кіреберістерде — қауіпсіз кіреберіс пен аулада камералар орнатуды жоспарлап отыр.

"Біз бұл жобаны дамытып жатырмыз. Барлық мектеп пен балабақша бақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бұл балалардың қауіпсіздігі үшін қажет", - деп түйіндеді Көлгінов.

Бақылау камералары жыл сайын орнатылады, олар қылмысты ашуға, алдын алуға, жұртшылықты тәртіпке салуға көмектеседі.