Экономика

Ресей Қазақстанның көмірін неге қабылдамады

Қазақстан теміржолы компаниясының өкілі алдағы уақытта теміржол тасымалы тарифі өзгере ме деген сұраққа да тоқталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Қыркүйекте ресейлік порттар қазақстандық көмірді қабылдамады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бұл туралы брифингте "ҚТЖ - жүк тасымалы" ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов айтты.

"ТМД елдеріне 2,7 млн тонна көмір жеткізілді. Қыркүйек айында экспорттық көрсеткіштің көлемі 90,5 процент болды. Экспорт жоспарланған көрсеткіштен 286,6 мың тоннаға аз орындалды. Дегенмен биылғы экспорттық көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда жоғары", - дейді Көбесов.

Экспорт жоспарының орындалмауына ресейлік порттардың шамадан тыс толып кетуіне байланысты қазақстандық көмірді қабылдамауы себеп.

Сонымен қатар компания өкілі алдағы уақытта теміржол тасымалы тарифі өзгере ме деген сұраққа тоқталды.

"Көмір тасымалы бойынша теміржол тарифі биыл өзгерген жоқ. Жыл соңына дейін де тариф өзгермейді", - деді Көбесов.

Оқи отырыңыз: 

"Көмір жоқ": Солтүстік Қазақстан тұрғындары дабыл қақты

Жылу беру маусымы: өңірлерде көмір бағасы қанша теңге болады

Еуропада көмір қымбаттап кетті