НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көпірден секіріп кеткен жүкті әйелдің жағдайы туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астаналық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, келіншек №1 көпсалалық ауруханада ем-дом алып жатыр. Баласы аман қалды.
"Оның жағдайы орташа қалыпты. Медициналық қызметкерлер бақылауында. Керек медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - дейді дәрігерлер.
Жексенбі, 3 қазан күні бұрынғы "Рамстор" сауда үйі аумағында жүкті әйел көпірден секіріп кетті. Оны тәртіп сақшылары құтқарды.
Полиция аға лейтенанты Асылхан Нұрмұхамбетов құтқару белдемшесін лақтырған, ал полиция лейтенанты Нұрсұлтан Сәриев әріптесіне көмектесу үшін жағалау жақтан суға түскен.