АЛМАТЫ, 4 қазан – Sputnik. Павлодардағы көпқабатты үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады жергілікті Pavlodarnes.kz сайты.
Оның денесінде пышақ жарақатының ізі болған.
Порталдың хабарлауынша, сол маңдағы тұрғындар подъезде қан-жоса болып жатқан адамды көріп, жедел жәрдем шақырған.
Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі Сәтпаев көшесіндегі үйден 2 қазан сағат 2:00 шамасында шақырту түскенін айтты.
"Үйдің кіреберісінен 2001 жылы туған ер адамның денесі пышақталған күйінде табылды. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын тіркеді", - делінген дәрігерлер хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- Бурабайда ұйықтап жатқан төрт әйелді өлтірген қылмыскерге үкім шықты
- Он жеті жастағы бойжеткен джинсы шалбар кигені үшін көз жұмды
- Пышақтап тастаған: Ақсуда әйел мен екі кішкентай баласының денесі табылды