Әлем

Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын салған суретші көз жұмды

Мұхаммед пайғамбарды ит бейнесінде суреттеген карикатурист Ларс Вилкс жол апатынан қайтыс болғаны хабарланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан — Sputnik. Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын салған швед Ларс Вилкс пен оның күзетшілері отырған көлік жүк көлігімен соқтығысып, жолаушылар көз жұмды, деп жазды РИА Новости.

Жол апаты жексенбіде күндіз Маркарид қаласына жақын маңдағы Е4 көшесінде болды.

Жергілікті полиция өкілі бұл оқиға қастандықпен жасалған қылмыс болуы мүмкін деген күдікті жоққа шығарды.

"Әзірше жол апатының қалай болғанын айта алмаймыз. Тергеу нәтижесін күту қажет", - деді полиция өкілі Рикард Лундквист.

Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын салған суретші көз жұмды

2007 жылдың жазында Nerikes Allehanda басылымы Ларс Вилкс салған Мұхаммед пайғамбар карикатурасын жариялағаннан кейін Швециядағы БАҚ ол жайлы жиі жаза бастады. Қоғамда үлкен дау тудырған бұл карикатурадан кейін Ларс Вилксті үнемі полиция күзетіп жүрді. Себебі оған қарсы шабуыл артты.