Видео

Құтқару дроны шөл мен теңізде сынақтан өткізілді – видео

Seadrone деп аталатын ресейлік құтқару дроны Дубай мен Кар теңізінде сынақтан сәтті өтті. Ұшқышсыз ұшатын аппарат ауа райын талғамайды
Sputnik

Кадрда дронның екі түрлі климаттық жағдайда –  шөлде және теңізде сынақтан өткен сәті көрсетілген, деп мәлімдеді "Съемка с воздуха" компаниясының баспасөз қызметі.

Шөл далада дронның құм мен тозаңға төзімділігі тексерілді, сонымен қатар ол жоғары ауа температурасында адамды табу миссиясын орындады. Seadrone қоршаған ортаның агрессивті факторларының әсері кезінде де жұмыс істейтінін көрсетті.

Бұған дейін дрон Кар теңізінде жоғары ылғалдылық пен тұзды су жағдайында өз мүмкіндіктерін паш еткен еді. Оқу-жаттығу аясында құрылғы борттан құлап кеткен адамды құтқару операциясына да тартылды. Дрон адамды автоматты түрде тауып, теңіз кемесінің палубасына оралған.