Оқиға

Астанада сауда орталығы өртеніп жатыр – видео

Өртті сөндіруге 76 адам мен 19 техника жұмылдырылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Астықжан" сауда орталығынан өрт шықты. Ғимараттың үшінші қабатында жиһаз салоны жанып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

2 қазан таңертең елордалық ТЖД-ға Әл-Фараби даңғылында өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері 09:42-де оқиға орнына жоғары шақыру нөмірі бойынша аттанды.

Астанада сауда орталығы өртеніп жатыр – видео

"Олар оқиға орнына алты минутта жетті. Анықталғандай, "Астықжан" сауда орталығының 3-қабатында жиһаз салоны жанып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Астанада сауда орталығы өртеніп жатыр – видео

Қазіргі таңда елордалық өрт сөндірушілер – 76 адам мен 19 техника тілсіз жаумен арпалысуда. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.