Өңірлер

Павлодарда бюджет қаржысын қалтаға басқан басшыларға үкім шығарылды

Жалған құжат жасауға атсалысқан бірнеше қызметкерге де айып тағылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Павлодар облысында әртістердің ақшасын ұрлаған басшы мен есепші 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

"Павлодар қаласының №2 соты шығарған үкім бойынша облыстық "Шаңырақ" халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының басшысы Аяпбергенова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы үкім орталықтың кассирі Әбішаева да шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген ресми хабарламада.

Орталық басшысы мен есепші әртістердің қызмет көрсету туралы жалған шарттарын жасау арқылы 2017-2019 жылдар аралығында 40 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталған.

Сот үкімімен Аяпбергенова өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан да айырылды. Ал Әбішаева материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен 10 жыл бойы айналыса алмайды.

Сондай-ақ Павлодар қаласында орналасқан шекара қызметінің 2033 әскери бөлімінің қаржы бөлімінің бастығы, майор Жуанышбаев 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал қаржы бөлімі бастығының көмекшісі, аға лейтенант Бигелдинов 8 жылға, сондай-ақ қаржы бөлімінің бухгалтері Есентаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде әскери қызметшілерге жалған іссапар шығыстарын есептеу және оларды кейіннен беру арқылы жалпы сомасы 126,5 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Оқи отырыңыз: