НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Ресейлік әнші Прохор Шаляпиннің әйелі Татьяна Дэвис коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы әртіс өзінің Instagram парақшасында айтты.
"Жазу өте қиын, бұған сенгім келмейді, менің Таням жоқ... Қош бол, әрдайым есімде боласың, әрдайым сүйіп өтемін", - деп жазды Прохор Шаляпин.
42 жастағы канадалық Татьяна Клаудия Дэвис 37 жастағы әншінің үшінші әйелі болған. 2021 жылы тамыз айында Лас-Вегаста үйлену тойы өтті.
БАҚ ақпаратына сәйкес, карантин шараларына байланысты Прохор Шаляпин әйелін жерлеу рәсіміне қатыса алмайды.
Оқи отырыңыз:
- Екінші әйелі болудан бас тартқан: танымал әнші сұхбат берді – видео
- "Туыстары да көп нәрсені білмейді": белгілі әншінің жағдайы нашарлағаны рас па
- "Қатты қорықтым": белгілі әншінің қызы анасы туралы бар шындықты жайып салды