НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Сапардың мақсаты – Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысу. Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кәсіпорын базасында ашылған екінші кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді", - деп жазды Берік Уәли.
Бұған дейін Қазақстан президенті Ресей басшысы Владимир Путинмен бірге өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Форум қорытындысы туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
Оқи отырыңыз:
- Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың жұмыс кестесі туралы айтты
- Тоқаев әлем бетпе-бет келіп отырған үш бірдей сын-қатерді атады
- "Бұл компаниялардың тізімі менде бар": Тоқаев кімдерге шүйлікті