Өңірлер

"Қалаға Ashyq арқылы кіргізеді": желіде ұзын-сонар кептелістің видеосы тарады

Желі қолданушылары қалаға тек Ashyq жүйесі арқылы ғана кіруге болады деп жазған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қазнетте Қарағандыға кіретін жолда пайда болған көлік кептелісінің видеосы тарады.

Желі қолданушылары қала орталығына енді Ashyq арқылы ғана кіруге болады деп жазған. Алайда қала әкімдігі мұның жалған екенін хабарлады.

"Майқұдыққа кіру кезінде шектеу қойылғаны және тек Ashyq жүйесі арқылы кіргізетіні жайлы ақпарат – фейк. Қазіргі уақытта К.Маркс көшесіндегі автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары көлік қозғалысына қиындық туғызуда", -  деп жазды Stopfake.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік қазан айының соңына дейін екі жолақ бойынша көлік қозғалысы толығымен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: