Экономика

Тоқаев Ақтоғай кен байыту кешенінде болды

Ақтоғай I және Ақтоғай II жобаларын қоса алғанда кен орнын игеруге тартылған инвестицияның мөлшері 3,2 миллиард долларға жетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС-не қарасты Ақтоғай кен байыту кешеніне барып, екінші кен байыту фабрикасын пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Бұл кеніштің мыс өндіру жөнінен әлемдегі ірі кен орындарының қатарына қосылуына мүмкіндік берді, деп жазады Ақорда.

Тоқаев Ақтоғай кен байыту кешенінде болды

Президент кешенді аралап көру барысында "KAZ Minerals Aktogay" компаниясы жұмысының негізгі көрсеткішімен танысып, кен өндіру процесін көрді. Мемлекет басшысы жаңа сульфид фабрикасының жұмысын бастауға ресми түрде рұқсат берді.

Тоқаев Ақтоғай кен байыту кешенінде болды

"Жолдауымда былтыр индустрияландырудың 10 жылдығында өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытуға қосқан үлесі алғаш рет тау-кен өнеркәсібінің үлесінен асып түсіп, 13 процентке жеткенін айтқан едім. Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны сақталып, шамамен 6 процентке жетіп отыр. Индустрияландыру картасы аясында 12 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 120-дан астам жаңа өндіріс іске қосылды", - деді президент.

Мемлекет басшысы жыл соңына дейін "Өнеркәсіп саясаты туралы" заң қабылданатынын айтып өтті.

"Біздің міндетіміз – 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есе, ал еңбек өнімділігін 30 процентке арттыру. Ол үшін бізге Индустрия 4.0 элементтері бар әрі өнімін экспорттайтын заманауи кәсіпорындар қажет. Жаңа кен байыту фабрикасы осындай талаптарға сай келеді, - деді ол.

Тоқаев Ақтоғай кен байыту кешенінде болды

"Өңделген өнімнің экспорты артады. 700 жаңа жұмыс орны ашылып, салықтан бюджетке қосымша 80 миллион доллар кіріс кіреді. Комбинат Шығыс Қазақстан облысындағы жаңа әлеуметтік нысандар құрылысына, білім беру және емдеу мекемелерінің жабдықталуын жақсартуға белсенді атсалысады. Бұл – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің лайықты үлгісі, – деді Тоқаев.

Тоқаев Ақтоғай кен байыту кешенінде болды

Президент фабриканы қысқа мерзім ішінде салып бітірген құрылысшыларға ризашылығын білдірді.

"Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына лайықты тарту болды. Мен бұған дейін осындай нақты жобаларды жүзеге асыруға мән беру қажеттігін айтқан едім. Жаңа кәсіпорын – соның айқын дәлелі", – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев Ақтоғай кен байыту кешенінде болды

"KAZ Minerals" компаниялар тобы индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылы  Ақтоғай кен байыту кешенінің өндірістік қуатын кеңейту жобасын қолға алды.   Комбинаттың екінші фабрикасының іске қосылуы кен өңдеу көлемін жылына 25-тен 50 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы Ақтоғай I және Ақтоғай II жобаларын қоса алғанда кен орнын игеруге тартылған инвестицияның мөлшері 3,2 миллиард долларға жетті.

Тоқаев Ақтоғай кен байыту кешенінде болды

2022 жылдан бастап кен орнында 190 мың тонна мыс, оның ішінде 20 мың тонна катодты мыс өндіріледі деп жоспарланып отыр.

Кешенде жалпы 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорында озық технологиялар, соның ішінде жасанды интеллектіге негізделген бағдарламалар кеңінен қолданылады.