Қоғам

Тағы бір өңір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шықты

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар облыстары қалды
Sputnik

АЛМАТЫ, 30 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 30 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Соған сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар облыстары қалды.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Ал "жасыл" аймақта Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары тұр.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 29 қыркүйекте Қазақстанда 2 252 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде ең көп науқас Алматы қаласында (510), Нұр-Сұлтан қаласында (249) және Алматы облысында (212) анықталды.

Оқи отырыңыз: