Форум Ақмола облысының әкімшілік орталығы Көкшетауда өтеді деп жоспарланған. Алайда эпидемиологиялық жағдай форумды офлайн режимде өткізуге мүмкіндік бермеді.
Іс-шара "Экология және "жасыл" даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта ұйымдастырылып отыр. Екі елдің президенттері Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттарын талқылады.
Он жетінше форум 28 қыркүйекте басталды. Пікірталасқа қатысушылар трансшекаралық Жайық және Ертіс өзендері бассейндерінің экологиялық проблемаларын, Каспий итбалықтары мен киіктердің популяциясын сақтау, климаттың өзгеруі, орман өрттері және басқа да мәселелерді талқылап үлгерді.