Өңірлер

Маңғыстауда кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқан адам ұсталды

Сондай-ақ бір әйел жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жай бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында адам саудасына қатысты алты қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар облыс аумағында өткен адам саудасына байланысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған "STOP-Трафик"  шарасы барысында анықталды. 

"Оның ішінде үш факт жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық бойынша, біреуі кәмелетке толмаған адамдарды жезөкшелікке тарту мен тағы біреуі кәмелетке толмағандарды сатуға қатысты", - делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ бір әйел жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысуға үй-жай бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция моншаларды, қонақ үйлерді, ойын-сауық орындарын аралады. Нәтижесінде "жезөкше" санаты бойынша 47 адам, "жеңгетай" санаты бойынша екі адам есепке қойылды.

13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жезөкшелікпен айналысатын және ел аумағында заңсыз жүрген екі адам Ақтау қаласы полиция басқармасының арнайы қабылдап-тарату орнына жабылды.

Оқи отырыңыз: